Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Қазақстанда «Эрмитаж күндері» екі жылда бір рет өтетін болады

AstanaTV
02.12.2015ж. 20:00
1227
Қазақстанда «Эрмитаж күндері» екі жылда бір рет өтетін болады

Елімізде «Эрмитаж күндері» екі жылда бір рет өтетін болады. Ресей музейлері одағының төрағасы, Эрмитаждың бас директоры Михаил Пиотровский осылай деп мәлімдеді.

Айта өтейік, биыл алғаш рет ұйымдастырылған «Эрмитаж күндері» Тұңғыш Президент күнінің аясында басталған. Екі күнге жалғасатын шара - Ресей Мемлекеттік Эрмитажы мен Ұлттық мұражай арасындағы бірлескен жоба. Ол екі тараптың ынтымақтастық шартын жүзеге асыру мақсатында қолға алынды. Эрмитаж күндерінің аясында Ұлттық музейде дәрістер мен семинарлар өткізілмек. Онда мұражай қызметкерлерінің өзара кездесіп, тәжірибе алмасуы көзделген.

Михаил Пиотровский, Ресей музейлері одағының төрағасы, Мемлекеттік Эрмитаждың бас директоры:

Біз кеше Қазақстан Президентімен кездескенде бұл шараны тұрақты түрде, екі жылда бір рет өткізуге келістік. Жалпы, біздің археологтармен қазақстандық мамандар тығыз байланыста, музей саласын дамытуда бұл үлкен рөл атқарады.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА