Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Цукерберг Facebook-тың 99% акциясын қайырымдылыққа жұмсамақ

AstanaTV
02.12.2015ж. 20:00
1003
Цукерберг Facebook-тың 99% акциясын қайырымдылыққа жұмсамақ

Facebook әлеуметтік желісінің негізін қалаушы Марк Цукерберг компанияның 99% акциясын қайырымдылыққа жұмсамақ. Ол әйелі  Присцилла Чан екеуі ақылдаса отырып, осындай қадамға бел буған. Бұл игі іс олардың тұңғыштарының дүниеге келу құрметіне орай жүзеге аспақ. Айта кетейік, 1 желтоқсан күні Марк пен Присцилла қызды болған. Қуаныш құшағындағы ата-ана балаға Макс деген есім берді.

Facebook-те Марк Цукерберг қызына арналған хатын жариялады. Онда Цукерберг «перзентінің әлдеқайда жақсы заманда өмір сүргенін қалайтынын» айтып ағынан жарылады. Сондықтан 45 миллиард долларға бағаланған Facebook компаниясының 99% акциясын сыйға тартпақшы.  Бірнеше сағаттың ішінде бұл жазбаға жарты миллионан астам адам лайк басқан. Марк пен Присцилланы әлемге әйгілі көптеген жұлдыздар құттықтап жатыр. Айта өтейік, бұған дейін Марк бірнеше жыл бойы жұбайы екеуінің бала сүйе алмай жүргенін жазған еді.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА 

Алдыңғы жаңалық

Келесі жаңалық