$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Түркия Иракқа әскерилерді жіберуді тоқтатпақ

AstanaTV
07.12.2015ж. 20:00
819
Түркия Иракқа әскерилерді жіберуді тоқтатпақ

Түркия Бағдаттың шартынан кейін Иракқа әскерилер жіберуден бас тартты. Бұл туралы Түркияның премьер-министрі Ахмет Давутоглу ирактық әріптесіне жазған хатында мәлімдеген. Хатта Анкара, Ирак сабасына түспей, ол елдегі әскерилердің қатарын арттыруды тоқтататыны жазылған.

Еске салсам, таяуда Ирактың премьер-министрі Хайдер аль-Абади елден өз әскерін шығаруға Түркияның 48 сағаты бар деп мәлімдеген болатын. Егер оны орындамаса, Ирак БҰҰ-ның Қауіпсіздік қызметіне арыз түсеретінін айтқан болатын.

Қазіргі кезде БАҚ өкілдерінің жазуынша, Иракта түріктердің 150 әскері мен 20-25 танкі бар. Өзге елде түрік әскерлерінің орналасуын ирактықтарға кеңесші қызметін атқарып жүрген қызметкерлерді қорғау үшін керектігімен түсіндіруге тырысқан. Еске салсам, өткен аптада Түркия еш рұқсатсыз Ирак еліне әскерін кіргізген болатын. Бұл әркетті Ирак билігі мелекеттік шекараны заңсыз бұзды және елге басып кірді деп бағалаған болатын.

Берік ХАСЕНОВ