$537.75 €626.43 ₽6.71
×

Әлем елдері мен Ресей қарым-қатынастарының салқыны өңірдің инвестициялық ахуалына кері әсер етті

AstanaTV
07.12.2015ж. 20:00
Әлем елдері мен Ресей қарым-қатынастарының салқыны өңірдің инвестициялық ахуалына кері әсер етті

Ресей мен Түркия арасының салқындауы Қазақстанның инвестициялық саясатына әсер етпейді. Бұл туралы «Kaznex Invest» компаниясының басқарма төрағасының орынбасары Қайрат Карманов мәлімдеді.

Қайрат Карманов, «Kaznex Invest» экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары:

«Казнекс-Инвест» - барлық инвесторларға ашық агенттік. Ресейліктер үшін де, түркиялық инвесторларға да есігіміз ашық. Ал қандай да бір саяси қайшылықтардың компания жұмысына әсері шамалы. Біздің қос мемлекеттің де инвесторларына деген көзқарасымыз өзгерген жоқ. Басты мақсат - инвестиция тарту.

Компания өкілдерінің сөзінше, егер екі мемлекеттің қалталылары бірлескен жобаларынан бас тартып жатса, Қазақстан оларды өз жерінде құшақ жая қарсы алуға әзір. Ал елде бар шетелдік инвесторлармен Қазақстан 2016 жылдың соңына дейін құны 104 млн долларды құрайтын 8 жобаны іске асырады деген жоспар бар. Ол шамамен 360 жаңа жұмыс орны.

2014 жылдың қорытындысы сырттан келетін инвестициялар көлемі әлем бойынша 16 пайызға қысқарғанын көрсетіпті. Ал Қазақстан сынды өтпелі экономикасы бар мемлекеттердің шетелдік инвестициялары 100 млрд доллардан 40 млрдқа дейін кеміген. Оның басты себебі - Ресейге қарсы қабылданған экономикалық санкциялар, дейді мамандар.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ