Петропавл қаласының әкімдігі
Береке ықшам ауданының тұрғындарына пәтер иелері кооперативін құруға рұқсат
берді. Бірақ кооперативті үйді ипотекалық несиеге алғандар ғана құра
алады.
Біржан Кенжеғозин, «Петропавл тұрғын үй қызметі» ЖШС директоры:
Тұрғындарға ПИК-ті құруға
рұқсат берілді. Қазір олар арнайы құжаттарды дайындауға кіріседі. Бірақ мынау
45 пәтерлі тұрғын үйде пәтер иелері кооперативі қалай құрылатынын білмеймін.
Өйткені тұрғындар саны аз. Жалпы,
қызмет сапасы туралы айтатын болсақ, жұмыс тиісті деңгейде жүргізілетін болады.
Еске салайық, өткен
бейсенбіде Береке ықшам ауданының тұрғындары мен «Петропавл тұрғын үй қызметі»
серіктестігі арасында дау шыққан болатын. Сол кезде тұрғындар: "Жергілікті
билік өкілдері жұртқа ПИК-ті құруға мүмкіндік бермей, қызмет көрсету ақысын
«Петропавл тұрғын үй қызметі» кәсіпорнына төлеуге мәжбүрледі",- деген еді.
Бұл серіктестіктің қарамағында 27 көпқабатты үй бар екен. Ондағы пәтерлердің
тең жартысы жалдамалы баспаналар болса, қалғаны ипотекалық несие арқылы
берілген. Қызмет көрсету құнын бәрі төлеп келген. Ал қараша айында қызмет бағасы
16 теңгеден 27 теңгеге дейін көтерілген.
Абзал ҚҰРМАНКИН