Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Оралда анасы мектептегі қызын Сирияға алып кеткен

AstanaTV
07.12.2015ж. 20:00
1086
Оралда анасы мектептегі қызын Сирияға алып кеткен

Оралдық келіншек оқушы қызын ертіп, Сирияға кетіп қалған. Бұл жайында қаладағы 37-ші орта мектеп ұжымына қыздың әкесі хабарлапты. Ол вахталық жұмыстан келе, әйелі мен қызын таба алмаған. Ұялы телефондары сөндірілген, ал көршілері оның отбасын 1 айдан бері көрмегендерін айтқан. Сол арада полиция шақыртылып, әкесі адам жоғалғанын айтып, арыз жазыпты. 7 сынып оқушысы Дильназ Әділова - осы мектептің оқушысы. Ол оқу жылының 2-ші тоқсаны басталғалы сабаққа келмеген. 


Тамара Мұсақызы, Орал қаласындағы №37 орта мектептің директоры:

5 қараша күні әкесі телефон шалды. Ол қызы Дильназ Әділова мен әйелі Бақытжамал Хасанғалиеваны таба алмай отырғанын, оларды іздеп табуға көмектесуімізді өтінді. Бізге құқық қорғау органдары көмектесті. Маған келесі күні учаскелік сақшымыз Шапкенов Эдуард хабарласып, олардың елден шығып кеткенін айтты. Ал екІнші рет хабарласқанда, олардың Сирияға кетіп қалғанын айтты.

Осы оқиғадан соң, мектепте прокуратура, ҰҚК, қалалық білім бөлімі мамандары дөңгелек үстел басына жиналды. Олар теріс ағымды ұстанғандардың қоғам үшін қаншалық қауіпті болатыны туралы сөз етті. Әсіресе ұлттық қауіпсіздікке. Ал оқушылардың ата-аналары, адасып жүргендердің балаларға теріс әсері бола ма деп, қауіптенеді. Өйткені теріс ағым жетегінде жүрген ондай ата-аналарлар саны 115.

Жансұлу Төремұратова, Орал қалалық білім бөлімінің басшысы:

Қалалық білім жүйесі бойынша бізде тіркеліп отырған 115 ата-ана бар. Осы әртүрлі бағыттағы дәстүрлі емес дін бағытын ұстанып отырған. 

Еркін КАРИН