$537.75 €626.43 ₽6.71
×

Алматыда сарапшылар Президент жолдауындағы басым бағыттарды талқыға салды

AstanaTV
08.12.2015ж. 20:00
Алматыда сарапшылар Президент жолдауындағы басым бағыттарды талқыға салды

Елбасының биылғы жолдауы - ел экономикасына төніп тұрған қатерлерге төтеп беруге мүмкіндік туғызатын құжат. Ғылыми-зерттеу құрылымдары мен мемлекеттік органдарда қызмет ететін сарапшылар осылай деп отыр.

Бұл ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеу институты мен Алматы қаласының ішкі саясат басқармасы ұйымдастырған дөңгелек үстел басында айтылды. Сарапшылар президенттің білім, денсаулық сақтау саласындағылардың жалақыны көбейтуді, зейнетақы жинақтарын индекстеуді, сондай-ақ жұмыспен қамтудың жаңа жол картасын әзірлеуді тапсырғандығын ұтқыр шешім деп бағалады. Оған қоса, жастарға жасалып жатқан жағдайды оңтайлы қолдану керек, деді.

Дәрия Мұхамеджанова, ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеу институтының бас ғылыми қызметкері:

Елбасының жолдауында Қазақстан экономикасындағы көкейтесті сұрақтарды қамтиды. Әлемдік экономикалық дағдарыс кезінде еліміз өзінің экономикалық саясатын жүргізуге мүмкіндік алып отыр. Соның ішінде халықаралық экономикалық  және әлеуметтік міндеттемелерді орындауға басты назар аудару қажет.

Самат ҚАНАҒАТОВ