Бүгін
Астана әуежайынан 18 рейс кешіктірілді. Оның 14-і ауа райының қолайсыздығына
байланысты шегерілген. Тек Омбы бағыты бойынша ұшақ көкке көтерілмеді. Қазір
кейбір рейстер 12 сағатқа кешігуде. Бұл туралы Астана халықаралық әуежайының
мамандары хабарлады. Астанадан Өскемен, Жезқазған, Павлодар және
Алматыдан келетін ішкі рейстер мен Екатеринбор мен Мәскеуден келетін
халықаралық бағыттар ұша алмай отыр. Дәл осы рейстер бойынша Елорда әуежайы
ұшақтарды қабылдай алмауда.
Алматы әуежайының сайтында да кешігулер байқалады.
Астана, Көкшетау, Шымкент, Лондон бағыттарының ұшақтары тоқтатылғаны жазылды.
Ақмола аумағындағы желдің ұйтқуына байланысты Астана-Көкшетау тас жолы да
жабық. Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды алыс жолғы шықпауға және қала
көшелерінде сақ болуға шақырды. Өйткені қатты жел ғимараттардың шатырларын
жұлып әкетіп жатыр. Астанада мұндай екі дерек тіркелген.
Аягөз
Фазылова, Астана қалалық ТЖД баспасөз қызметінің жетекшісі:
Сарыарқа
ауданындағы Жаңажол 20 көшесіндегі ғимараттың төбе бөлігі опырылып түсті қатты
желдің әсерінен. Соның салдарынан электр желілері үзіліп кетті. Ашхабад,
Шонанұлы, Игілік, Мұнайшылар көшелері жарықсыз қалды. Опат болғандар мен зардап
шеккендер жоқ.
Бүгін
Астанада екінші ауысыммен оқитын бірінші мен алтыншы сынып оқушыларының сабағы
да тоқтатылды. Төтенше жағдайлар департаменті қатты боран желтоқсанның 15 дейін
сақталатынын айтады. Синоптиктердің болжамы да көңіл көншітпейді.
Ардақ
Қалменова, инженер-синоптик:
Қазақстанның
барлық аймақтарына циклон ықпал тигізеді. Соған байлансыты қар жауады,
бұрқасын күтіледі. Жел күшейді, 15-20, кей жерлерде 25, екпіні 30 метр секундтан
жоғары. Астана қаласында үш күн бойы қар жауады, бұрқасын, көктайғақ, жел күшейді, 15-20, кей жерлерде екпіні 23 метр секундына.
Астанада
ертең ауа температурасы 0 градус шамасында. Қалалық әкімдіктің хабарлауынша,
көктайғақ салдарынан тек өткен тәулікте травматология бөлімдеріне 204 адам
түскен.
Айгүл ӘДЕПБАЙ