Айтыс
ақындары - жастарды қазақылықтан алыстатпайтын тұтас ұлттың олжасы. Бұл
байламды «Нұр Отан» партиясының баспасөз орталығында «Алтын домбыра»
республикалық ақындар айтысын қорытындылаған қоғам қайраткері Жүрсін Ерман
жасады. Төл өнердің басы-қасында отыз жылдан астам уақыт жүрген ақын биылғы
«Алтын домбыраны» иеленген павлодарлық ақын Аспанбек Шұғатаевтың дарынына шын
тәнті болыпты.
Жүрсін
Ерман, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:
Менің
көзіме жас келеді. Шынымен, толқып кетесің. Қайдан тауып айтады мына балалар?!
Күллі қазақтың тарихын қозғаған кезде, менің көзімнің алдында Бұқар
жырау отырғандай болады. Түйдек-түйдек сөздер бұның басынан бұлт болып көшіп
жатқанда, Құдайға шүкіршілік етесің, қазақтың қазіргі балаларынан осылардың
шығып тұрғанына. Бұл феномен, олжа
қазаққа түсіп жатқан.
Соңғы
жылдары төл өнерді қанатының астына алған «Нұр Отан» партиясы бұл бағыттағы
жұмыстарды жалғастыра бермек. Ұлттық спорт пен ұлттық өнерді демеген партия,
айтыстың халықаралық деңгейде мойындалуын - үлкен жетістік, деп біледі.
Берік
Уәли, «Нұр Отан» партиясы төрағасы бірінші орынбасарының кеңесшісі:
Келесі
жылға да республикалық деңгейде жоспарланып отырған айтыстар бар, аймақтық
айтыстар бар. Сол себепті бұл айтыстардың барлығына «Нұр Отан» партиясы бас-көз
болып, тікелей қолдап, ұйымдастыруына атсалысатын боламыз. Бұл енді төл
өнеріміз, оның үстіне ЮНЕСКО көлемінде мәдени мұралар тізіміне енгеннен кейін
де, бұл - біз үшін, партия үшін қуаныш. Сол себепті бұл бағыттағы жұмысымызды
жалғастыра беретін боламыз.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ