Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Түрік инвесторлары Қазақстаннан Ресейге шықпақ ниетте

AstanaTV
09.12.2015ж. 20:00
833
Түрік инвесторлары Қазақстаннан Ресейге шықпақ ниетте

Қазақстандағы түрік инвесторлары біздің ел арқылы Ресей нарығына шықпақ. Мұны арнамызға сұхбат берген "Abdi ibrahim Global Pharm" серіктестігінің бас директоры Тайфун Мерич айтты. Қазақстанға қомақты қаражат құйған түрік инвесторы фармзауыт құрылысын аяқтап, жақында іске қоспақ. Ресейде де инвестжобасын жүзеге асырмақ болған. Алайда, түрік инвесторлары Қазақстан арқылы Ресей нарығына ең болмаса өнімдерін шығара алатындарына сенімді.

Тайфун Мерич, «Abdi ibrahim Global Pharm» ЖШС-нің бас директоры:

Әрине, екі ел арасындағы қарым-қатынас бизнестің дамуына балта шабады. Экономикалық шектеулерге түбегейлі қарсымын. Біз өз өнімімізді Ресейде тіркеуді бастаған едік. Бірақ тауарды Ресейге Қазақстанан жеткізуде, меніңше, еш қиындық болмайды. Ал, жалпы екі ел арасындағы қарым-қатынас президенттер деңгейінде шешілсе де, бір жыл ішінде жағдай оңалады деп сенеміз.

Қант диабеті, туберкулез, жұқпалы вирустарға қарсы дәрі-дәрмек шығарумен айналыспақ. Осылайша қажетті препараттармен 100 пайыз қамту жоспарланған.

Бүгін осы "Abdi ibrahim Global Pharm" ЖШС Қазақстандағы инвестициялық белсенділігі үшін арнайы марапатқа ие болды. Инвестициялар және даму министрі елдің индустрияландыруына, инвестициялық қызметті кеңейтуге қосқан үлестері үшін тағы 9 шетелдік компанияны марапаттады. Бір қызығы - біздің нарыққа қызыққан белсенді 10 шетелдік инвестордың қатарында қытайлықтар жоқ. Көбінесе түрік, корея мен жапондықтар. Инвестициялап отырған қызмет аялары кең. Құрылыс материалдарынан бастап алкогольсіз ішімдіктер, кондитерлік және ауыл шаруашылық өнімдеріне дейін бар. Айта өтейік, соңғы 15 жыл ішінде шетелдік инвесторлар елге 215 миллиард доллар салған. 

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА