Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Ауруханаға түскен балалар астан уланбаған болып шықты

AstanaTV
09.12.2015ж. 20:00
866
Ауруханаға түскен балалар астан уланбаған болып шықты

Қарағандыдағы жұқпалы аурулар ауруханасына түскен балалар астан уланбаған болып шықты. Дәрігерлер оларға вирусты инфекция диагнозын қойды. Бұл туралы бүгін арнамызға Қарағанды облыстық білім басқармасының мамандары мәлімдеді. Олар психикалық аутқулары бар балаларға арналған интернат асханасында уланды дегенді жоққа шығарды. Өйткені ішек таяқшалары анықталмаған.

Еске салайық, интернаттағы 7 бала іштері ауырып, жайсыз сезінген соң ауруханаға түскен болатын. Инфекционистер астан улануы мүмкін деп күдіктенген еді. Бүгін балалардың барлығы ауруханадан шығарылып, тұмаудан емделіп жатыр.