Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Ә.Жақсыбеков: Астанада теракт ұйымдастырмақ болған топ әшкере болды

AstanaTV
20.11.2015ж. 20:00
986
Ә.Жақсыбеков: Астанада теракт ұйымдастырмақ болған топ әшкере болды

Астанада лаңкестік әрекеттің жолы кесілген. Бұл жөнінде қала әкімі Әділбек Жақсыбеков заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету және қылмыспен күрес жөніндегі үйлестіру кеңесінің жиынында айтты.

Астана әкімі осыдан төрт ай бұрын  теракт жасауға бекінген топтың жасырын әрекеті әшкере болғанын айтады. Сондықтан қауіпсіздік шараларын мейілінше күшейту керек, - дейді шаһар басшысы. Ол әсіресе қоғамдық орындарда, әуежайлар мен теміржолдарда аса қырағылық танытуға шақырды. 

Әділбек Жақсыбеков, Астана қаласының әкімі:

«...4 ай бұрын Ұлттық қауіпсіздік комитеті Астанада теракті жасауды жоспарлаған жасырын топты әшкереледі. Кеше лаңкестікке қарсы күрес жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Барлық тиісті құрылымдарға тапсырма берілді».

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА