ДАИШ
содырлары Ақ үйді жарамыз деп сес көрсетті. Fox News телеарнасының
хабарлауынша, 6 минуттық бейнеүндеуде лаңкестердің бірі Барак Обама мен Франсуа
Олландқа Парижде болған терактілер тағы қайталанады деп қоқан-лоққы жасаған. Экстремистер Ақ үйді қара үйге айналдырамыз деп қорқытуда.
Айта өтейік,
интернетте осыған ұқсас бейнеүндеу жарияланған. Онда лаңкестер Нью-Йоркке
шабуыл жасаймыз деп ашық айтты. Франция президенті ДАИШ-тың Сирия мен Ирактағы
жасақтарына әуе шабуылдарын жандандыру жөнінде пәрмен берген. Сондай-ақ,
лаңкестер Бельгияда үш мектепке жарылғыш зат қойды. Бұл жөнінде РИА Новости
ақпарат таратуда. Ал Рио-де-Жанейрода полицейлер стадионға 1,5 келі жарылғыш
зат алып өтпек болған жанкүйерді әшкереледі.
Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА