Оңтүстік
Қазақстан облысының жұртшылығы да Ақтөбедегі дүрбелеңде қаза тапқан жауынгер
Досбол Сапарды ақтық сапарға шығарып салды. Ол қаладағы 66\55 әскери бөлімінде
Отан алдындағы борышын өтеп жүріп оққа ұшқан. 19 жастағы сарбаз - Шардара
ауданына қарасты Көксу ауылының тумасы. Қаралы жиынға келген көпшілік сарбаздың
борышын абыроймен атқарғанын айтып, жас батырлардың қазасы орны толмас қайғы
екенін жеткізді.
Әлішер
Әбдірәсіл, ҚР «Батыс» өңірлік қолбасшылығы тәрбие және әлеуметтік құқықтық
жұмыстар басқармасының бастығы:
Әскери
қалашықты қорғау және күзету дәл сол күнгі - бұл қатардағы Сапардың міндетіндегі
жағдай. Дәл осы жағдай тек қана біздің 6655 «Батыс» өңірлік қолбасшылығы емес,
Ұлттық Ұлан үшін, негізінен айтқан болатын болсақ, мұндай келеңсіз жағдайлар
біздің еліміз үшін де қайғылы жағдай деп, мен өзім ойлаймын. Және де қатардағы
Сапардың әке-шешесіне де айтарым: осындай батыр ұл тәрбиелегені үшін
рахметімізді де айтамыз.
Жауынгердің
отбасына облыс әкімдігінің атынан 5 млн теңге көлемінде қаржылай көмек
беріледі. Ауылдағы бір көшеге сарбаздың есімін беру туралы ұсыныс министрлікке
жолданбақ. Марқұмның туыстары Досболдың
әскерге өзі сұранып кеткенін айтады.
Айдарбек
Сапаров, марқұм Досбол Сапардың туысы:
Өзінің
талабы сондай болды. «Мен барып қайтамын, әзіргі жеңіл ғой, бұрынғыдай емес,
бір жыл деген өтеді де, кетеді. Барып ел қатарлы мен де борышымды өтеп келейін»
деп өзі құлшынып шыққан осы ауылдан. Өз қатарлары да жүр ғой осы жерде. Бұл бір
Алладан жазым да енді. Тұз-дәм таусылған шығар енді.
Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ