Қырғызстандағы
экстремистер қашқан түрменің экс-басшысы өз-өзіне қол салмас бұрын 13 адамның
өліміне қатысы болғанын айтқан. Бұл туралы біздің арна тілшілеріне жаза орындау
мемлекеттік қызметінің баспасөз хатшысы Александр Никсдорф телефон арқылы
мәлімдеді. Айтуынша, Иманқұл Телтаевтың асылып тұрған денесі медициналық-санитарлық
бөлімнен табылған. Түрме басшысы денсаулығы нашарлауына байланысты осында
түскен көрінеді. Палатаға дәрігерлерден басқалардың кіруіне тиым салынған.
Баспасөз-хатшысының сөзінше, аталмыш оқиғадан бұрын Иманқұл Телтаев жақын
туыстарымен көрісіп, көтеріңкі көңіл күйде болған.
Александр
Никсдорф, Қырғызстан Республикасының ЖОМҚ баспасөз хатшысы:
Телтаевпен
бірге болған дәрігерлердің айтуынша, ол түрмеден қашқан экстремистерді ұстау
операциясына қатысты 13 адамның өліміне себепкер болғанын айтып қатты налыған
көрінеді. Бәлкім, психологиялық күйзелісте болған шығар. Медициналық бөлімдегі
бейнекамералар тексерілді. Оған адамдар кіріп-шыққан жоқ. Таңғы сағат төрттерде
ол тірі болған. Мәйіті таңғы сағат жетілер шамасында табылды.
Еске
салсақ, колониядан «Жайшүл-Махди»
діни-экстремистік ұйымының 9 мүшесі қашқан соң, Шу облысы түрмесінің
экс-басшысы Иманқұл Телтаев қамауға алынған. Кейін арнайы жедел операция
барысында олардың бесеуі ұсталып, үшеуі құрықтау кезінде өлтірілген болатын.
Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА