Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Шымкенттік ғалымның жобасы мұнай-газ саласы үшін тиімді

AstanaTV
20.11.2015ж. 20:00
1448
Шымкенттік ғалымның жобасы мұнай-газ саласы үшін тиімді

Жас ғалымдардың үздік жобаларын қолдану арқылы экономиканы көтеруге мүмкіндік мол. Бұл әсіресе елдің дамуы үшін маңызы орасан мұнай-газ саласына қатысты. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің доценті Манап Жантасов - аталған саладағы тың жаңалықтарды зерттеп жүрген ғалым. Техника ғылымдарының кандидаты қара алтын өндіру ісінде өткізгіштердің тот баспайтын құрамын әзірлеп жатыр. Бұл қоспа өндіріске енгізілсе, бұрғылау ісіндегі құбырлардың пайдалану мерзімі ұзаратын болады.

Манап Жантасов, ОҚМУ мұнай-газ ісі кафедрасының доценті, техника ғылымдарының кандидаты:

Бұрғылау кезінде қашауларды суыту үшін, мысалыға, бұрғылау процесін тиімді жүргізу үшін қолданылады бұл қоспа. Соны біз әзірлеп, өндіріске жіберсек, сол бұрғылау процесін 20-30 есеге мұнайды өндіруде көбейтеді деп жобалаудамыз.

Үш жылға арналған жобаға теория негізінде сараптама жасалып жатыр. Жас ғалым келесі жылы өз еңбегін өндірісте тексеріп, тиімділігін дәлелдемек. Жалпы, Манап - екі бірдей жобаның грант иегері. Білім және ғылым министрлігінің көмегімен қаржыландырылған қос жобаның әрқайсысының құны 5 млн теңге. Соның бірі «Жоғары тұтқырлы мұнайды тасымалдауға» арналған. Мұнайды тасымалдау кезінде температураның төмендігінен қиындықтар туындайтыны белгілі. Манап Жантасовтың жобасы осы проблеманың алдын алуға сеп болады. 

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ