$524.24 €612.94 ₽6.68
×

Шығыс Қазақстан облысында сирек кездесетін қан тобын сақтай алады

AstanaTV
15.12.2015ж. 20:00
1427
Шығыс Қазақстан облысында сирек кездесетін қан тобын сақтай алады

Шығыс Қазақстан облысында заманауи құралдармен жабдықталған қан орталығы ашылды. Ғимарат құрылысы 7 жыл бойы жүргізілген. Түрлі төтенше жағдай немесе техногендік апат орын ала қалғанда, бұл мекеменің шарапаты шексіз болмақ.

Бұл жерде бір күн ішінде 100-ден астам донорды қабылдауға мүмкіндік бар. Республикалық бюджеттен бөлінген 1 млрд 400 млн теңгеге су жаңа құрылғылар алынған. Орталықта қан құрамын анықтау, оны алу, даярлау мен сақтау жұмыстары автоматтандырылған. Аппараттар донорлардан қанды сапалы күйде алуға мүмкіндік береді.

Хайролла Жигитаев, «Шығыс Қазақстан облысы қан орталығы» МКК директоры:

Қазіргі жағдайда бір жарым тоннадай қанды жинадық. Былай айтқанда, жағдайымыз бар, қандай жағдай келсе де, қан беруге жағдайымыз келіп тұр. 

Мансұр ЕСХОЖИН