Атыраудағы
еркін экономикалық аймаққа тартылған оңтүстік кореялық инвесторлар құрылыс
жұмысын белгісіз мерзімге тоқтатты. Бұл туралы «Ұлттық индустриалды
мұнай-химиялық паркінің» құрылысына жауапты «Самұрық-Қазына» басшылығы
мәлімдеді.
Аталған
технопаркте төрт бірдей мұнай-химия өнеркәсібі бой көтеруі тиіс. Онда қалдықсыз
мұнай өндірісі негізінде полиэтилен, пластмасса өнімдері шығарылады. Құрылыс
2014-18 жылдарды қамтиды. Жоба құны 215 млрд теңге. Құрылыстың тоқтауына
теңгенің құнсыздануы себеп. Қондырғылар қымбаттаған. Дегенмен жобаның бастапқы
құны өзгермейді. Бірақ шығындар қайта қаралып, қысқартылады, - деді
«Самұрық-Қазына» басшылығы. Ал депутаттар бұл қысқартудың өндіріс сапасына кері
әсері бола ма деген мәселені қозғады.
Нұртай
Сабилянов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Нұр Отан"
фракциясының мүшесі:
Парктен
шығатын өнімге сұраныс пайда болады ма? Біз осыны саламыз дегенге 4 жыл болды.
Осы аралықта Өзбекстан газ-химиялық комплексін салып, өндірісті бастады. Біз
солармен бәсекелес бола аламыз ба? Мұнай-химиялық технопрактің жұмыс істеуіне кім
кепіл бола алады?
Нұрлан
Рахметов, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарушы директоры:
Иә,
қазіргі жағдай жобаның аяқталу мерзіміне әсер етуі мүмкін. Кеш пе, ерте ме? Бірақ қандай жағдайда да жоспар орындалады
деп ойлаймыз. Жобаны қолға алғанда терең сараптау жүргізілген. Тек өзін өзі
ақтау мерзімі өзгеруі мүмкін.
Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ