ЮНЕСКО-ның Парижде осы аптада өткен Бас конференциясының 38-сессиясында Алаштың көсемі, көрнекті мемлекет қайраткері Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдық мерейтойын 2016 жылы ЮНЕСКО көлемінде тойлау ұсынысы қабылданды.
Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов XIXғ. соңы мен XXғ. басындағы қазақтың біртуар ұлдарының қатарындағы аса ерекше тұлға. Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы. Ол қазақ үшін публицист те, экономист те, ғалым да, аудармашы да, тарихшы да, этнограф та болды.
2016 жыл Әлихан
Бөкейханның 150 жылдығы болса, 2017 жыл «Алаш» ұлт-азаттық қозғалысының 100 жылдығы. Біздің расында не «бүк», не «шік» дейтін
уақытпен тұспа-тұс келіп тұр. Танбай айтатынымыз -20 ғасырдың басынан 2-дүнижүзілік соғысқа дейінгі ұлттық
тарихты Алаш ұлдарының өмірбаяны, жоспарлары мен қарекеттері, ұстанымдары мен
публицистикалық мақалалары тұрғысынан, сол ракурстан оқытса, қабыспайтын
бояулар пайда болған ұлттың ұйысуына, жанының жақындауына күшті ықпалдасар еді.
Екіншіден, олардың еуропалық жолмен жаңғыру идеясы бағдаршамның жасыл көзі ғой...