Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Бір жарым жылдан кейін үкімет отырысына журналистер шақыртылды

AstanaTV
23.11.2015ж. 20:00
992
Бір жарым жылдан кейін үкімет отырысына журналистер шақыртылды

Шенеуніктер үнемдеуге әлі үйренбай жатыр. Биыл бюджетті жоспарлау кезінде тағы 2 трлн теңге қысқартылған. Ал, керісінше, қомақты қаражат бөлінген "Нұрлы жол" бағдарламасының орындалуы жер-жерде кешіктірілген. Министрлердің есебі осындай. 1,5 жылдай жабық есік жағдайында жиын өткізіп келген Үкімет үйінің есігі ақпарат құралдарына бүгін айқара ашылды. Бұған Ақордада айтқан Президенттің сын-ескертпесі түрткі болса керек.

Жиналыс бір емес, бес сағатқа созылды.11 сұрақ қатарынан қаралды. Ақ жағалылар мемлекет қаражатын оңды-солды жұмсап үйреніп қалғанға ұқсайды. Қаржы министрі биылғы бюджетті жобалау кезінде артық шығындар 2 трлн теңгеге дейін қысқартылғанын айтты. Былтыр 1,5 трлн үнемделген. Ал бөлінген қаржыны жер-жердегілер жарытып ұқсата алмай отырғандары белгілі болды. Ұлттық экономика министрі "Нұрлы жол" бағдарламасының өзі кешіктіріліп жатқанын айтты. Оның ішінде Алматы мен Астана қалалары бөлінген қаражатты игеру бойынша ең төменгі көрсеткішке ие. Сондай-ақ, Үкімет "Еңбекпен қамту 2020" бағдарламасын іске асыру бойынша аймақтарда тексеріс жүргізген. Осы ретте вице-премьер Дариға Назарбаева әкімдерге ескерту жасады.

Дариға Назарбаев, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:

Тексеріс жергілікті жерлерде біршама заңбұзушылықтарды анықтады. Ол ақшаны мақсатсыз жұмсау, құзіретін асыра пайдалану, алаяқтық. Бұл жергілікті атқарушы билік жұмысты дұрыс қадағаламайды деген сөз. Жергілікті огандардың заң бұзушылықтары үшін жауапкершілікті мемлекеттік органдарға ысырмағаны жөн.

Жанармай тәуелділігінен құтылатын күн де алыс емес деп жүргенде, мұнай өңдеу зауыттарындағы күрделі жөндеу жұмыстары кешігіп жатқан көрінеді. Толық жаңғыртылып, келесі жылы тапсырылуы тиіс Шымкент, Павлодар зауыттары 2017 жылы бір-ақ іске қосылуы мүмкін. Демек, жанармай үшін, тағы теріскейге телміруге тура келеді. Ал, экономикалық қиындықтарды еңсеру үшін, Үкімет желтоқсан айында дағдарысқа қарсы және еңбекпен қамту бағдарламарын бекітетін болды.

Кәрім Мәсімов, ҚР Премьер-министрі:

Получается у нас остаются две программы: антикризисный план и программа занятости. По антикризисному плану курирующее министерство - Министерство национальной экономики. Бахытжан Абдирович, вам нужно со всеми свести. Аналогично по программе занятости. Вам, Дарига Нурсултановна, все свести. Срок - 8 декабря. Мы должны два этих документа принять, поставить точку и двигаться вперед. 8 декабря - вторник. 

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ