$445.68 €478.35 ₽5.57
×

Мемлекеттік нысандардың жекеге өтуі бизнес ортада бәсекелестікті күшейтпек

AstanaTV
23.11.2015ж. 20:00
640
Мемлекеттік нысандардың жекеге өтуі бизнес ортада бәсекелестікті күшейтпек

Мемлекеттің меншігіндегі  65 ірі нысанды жекенің қолына беру бизнес ортасында бәселестіктің дамуына әсер етеді.  Осындай пікірді танымал сарапшы, тау-кен металлургия кәсіпорындары қауымдастығының атқарушы директоры Николай Радостовец мәлімдеді. Оның айтуынша, бәсекелес ортаға шығарылған нысандардың барлығы бизнестің ілгері дамуына әсер ететіндей әлеуеті бар. Сондықтан олар шетелдік инвесторлар үшін де, қаржыларын қайда саларын білмей жүрген қалталы қазақстандық азаматтарға да қызықты болмақ.

Николай Радостовец, тау-кен металлургия кәсіпорындары қауымдастығының атқарушы директоры:

Бәсекелес ортаға шығарылған нысандар тек үлкен кешендер ғана емес, олар қазір жұмыс істеп, бизнесі бір жолға қойылған нысандар. Сондықтан олар жекенің қолына өткенде өз бағыттарын өзгертеді деген сөз емес. Адамдар жұмыс орындарынан айырылмайды. Тек қолда барды жақсы жүйеге қоя алатын адамдар келіп отырады.

Берік ХАСЕНОВ