Табиғаттың
тәлкегі. Күн райының күрт жылынуы Қостанай облысының тұрғындарын әбден әбігерге
салды. Қар аралас жауған жаңбыр кесірінен қала көшелері көктайғаққа айналып,
көлік түгілі жаяу жүрудің өзі қиынға соқты. Түске дейін қалалық ауруханаға
алпыс адам түрлі-жарақатпен жеткізіліп, 20-дан
астам жол-көлік апаты тіркелген.
Таңмен
таласа жұмысқа асыққан көпшіліктің көбісі тайғанап құлап, қалалық ауруханадан
бір-ақ шыққан. Түске дейін емханаға жеткізілген 15 науқастың аяқ-қолына қатты
зақым келген, тіпті кейбіреуіне ота жасауды жоспарлап жатырмыз, - дейді
дәрігерлер.
Самат Шүменбаев,
Қостанай қалалық ауруханасының бас дәрігері:
Бүгінгі
жұмыс күні қатты қарбаласпен басталды. Қосымша травматологтардың бригадасын күшейттік. Травматология бөліміне
тағы 10 адамға арналған төсек -жабдық
дайындап қойдық.
Көктайғақтың кесірінен қоғамдық көліктер түске дейін түгел жүрген жоқ.
Сондықтан көпшілік бірнеше сағат бойы аялдамада автобус күтіп жұмысына кешікті.
Қалалық әкімдіктің хабарлауынша, коммуналдық мекеме қызметкерлері мен арнайы
техника таңмен таласа тайғақ жолдарға құм мен тұз сепкен көрінеді.
Заңғар
Санай,
тілші:
Алайда,
адамдар жүретін жол жиегіне құм төсеуді
ешкім ескермеген секілді. Тайғақ соқпақпен сырғанап отырып, әрең әупірімдеп
алға жылжисың. Ал аяғыңда коньки болса, тіптім тамаша.
Нағашыбай Мұқатов, Қостанай
қаласының тұрғыны:
Сағат
11-ден бастап автобус жүреді деген. Міне, әлі бірде автобус жоқ. Бұл не деген сұмдық? Менің ойымша, анау жылы кабинетте отырған басшылар далаға шығып, оңға-солға қарау
керек.
Мектеп
оқушыларының басым бөлігі бүгін сабаққа барған жоқ. Ал, барғандары ертерек
үйіне қайтып жатты. Қалалық білім бөлімі келеңсіз ауа райына қатысты арнайы
бұйрық шығарғандығын хабарлады.
Василий
Цымбалюк, Қостанай қалалық білім
бөлімінің басшысы:
Бүгін келмеген оқушылар сабаққа қатыспағандар қатарына жатқызылмайды. Олар белгілі
себептарге байланысты мектепке
бармағандығы ескерілетін болады.
Зейнеп
Нақанова:
Ұстазы
хабарласып, ауа райына байланысты балаңызды ертерек алып кетуге болады деп
айтты. Жол тайғақ. Сондықтан өзім келіп
тұрмын.
Көктайғақтың
кесірінен жол-көлік апаты да күрт көбейген. Таңғы тайғақта 20 көлік соғысқан.
Жүргізушілер мен жолаушылар дін-аман. Ал, төтенше жағдайлар департаменті күн
райының қолайсыздығына байланысты Қостанай облысының аумағындағы жолдарды
түгел жабу туралы шешім қабылдапты.
Уәлихан
Досанов, Қостанай облысы бойынша ТЖД
баспасөз хатшысы:
Барлық
бағыттағы республикалық, облыстық және жергілікті жолдарды жабу туралы шешім
қабылданды.
Синоптиктер
осы аптаның соңына дейін ауа райы келеңсіздік танытады деп отыр. Яғни түнде
10 градусқа дейін суытып, күндіз күрт
жылынады. Тек келесі аптаның басындағы қатты аяз көктайғақтың
бетін қайтаруы мүмкін.
Заңғар САНАЙ