Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Бүгін Қазақстанның төрт бірдей қаласына ұшатын әуе рейстері кестеден кешікті

AstanaTV
23.11.2015ж. 20:00
1066
Бүгін Қазақстанның төрт бірдей қаласына ұшатын әуе рейстері кестеден кешікті

Оралда ұшақтар үш күннен бері көкке көтерілмей тұр. Жолынан қалған жолаушылар наразылығын білдіріп, билеттерін кері қайтаруға кіріскен. Әуежай басшылығы мұны ауа райының қолайсыздығымен байланыстырады. Оған қоса, жуырда ғана жөнделген ұшу-қону алаңында арнайы жарық-дыбыс беру қондырғылары әлі орнатылмаған. Сондықтан тұман кезінде ұшақты қондыру мүмкін болмай отыр. Бүгін де тұман қоюланып, Оралдан ұшуы тиіс барлық әуе рейстері кейінге қалдырылды.

Ерлан Есімов, жолаушы:

Екі күннен бері ұша алмай жүрміз. Енді таксимен Ақтөбеге жетіп, сол жақтан ұшатын шығармыз. Билетті де сол жақтан сатып аламыз. Ал ауа райын күтіп жүре берсек, апта соңына дейін осылай отыратын түріміз бар.

Бүгін еліміздегі төрт бірдей қалада ұшақтар кестеден кешікті. Ауа райының қолайсыздығына байланысты «Эйр Астана» әуе компаниясының Шымкент, Өскемен және Қостанай қалаларына бағытталған рейстері уақытынан қалды. Күн тұманды болғандықтан, Шығыс Қазақстан өңірінде ішкі рейстер кейінге шегеріліпті. Қостанайда да жолаушылар бірнеше сағат бойы әуежайда отырып қалды. Астана мен Алматыға түске дейін аттануы тиіс жолаушылар ауа райына байланысты кешке қарай ұшатын болды. Шымкент әуежайынан да таңертең Алматы мен Астана бағытына 141 жолаушы ұшуы тиіс болған. Алматыдан келіп қонған ұшақ кестеге сәйкес 10-00 де кері ұшып кетуі тиіс болған екен. Елорданы бетке алған жолаушылар да екі сағаттай уақыттарын күтумен өткізуге мәжбүр болды. Әуежай қызметкерлері мұның себебін таңғы мезгілде әуежай маңының тұманды болуымен байланыстырды.

Қасымбай Медеуов, Шымкент әуежайы өндірістік диспетчерлік қызметінің кешенді ауысым басшысы:

Біздің әуежайда ұшып-қону алаңында көру мүмкіндігі 70 метр биіктік пен ұзындығының аумағы 900 метрден кем болмауы  тиіс. Ал бізде таңертең бар болғаны 60 метр ендікте көретіндей мүмкіндік болды.  Сол үшін олар ұшуға шешім қабылдауға қақысы жоқ-тұғын, сол кемінде 70 метр болуы керек - 900 м. Соны күтіп отырды. Соған екі сағат кешікті.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ 

Алдыңғы жаңалық

Келесі жаңалық