×

Қытай мен Иракта әуе рейстері кейінге шегерілді

AstanaTV
23.11.2015ж. 20:00
919
Қытай мен Иракта әуе рейстері кейінге шегерілді

Ал қар құрсауында қалған Бейжің халқаралық әуежайы да мыңдаған әуе рейсті кейінге шегерді. Рейтерс ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қытайдың солтүстігіне қуатты циклон төнген. Ақ ұлпа жолаушыларды әбігерге салып, жіпсіз байлап отыр. Жол қозғалысы да тұралады. Көлік апаттарының саны күрт көбейген. Дәл осындай жағдай тек Бейжіңде емес, Тяньцзинь, Хэбэй провинциялары мен Ішкі Моңғолия автономды ауданында да байқалып отыр.

Бүгін әуе рейстері Ирактың Эрбиль және Сулеймания қалаларында да кідірді. Бірақ оған ауа райының қолайсыздығы себеп болып отырған жоқ. Al Sumaria телеарнасының хабарлауынша, әуе рейстері Каспий теңізі арқылы Иран, Ирак және Сирияға жөнелтіліп жатқаны зымырандар салдарынан тоқтатылды. Екі күндік шектеу жолаушылардың қауіпсіздігі үшін арнайы енгізілген. 

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА