Ал
Қырғызстанда апатты жағдайда қонған Boeing 737 ұшағына қатысты арнайы үкіметтік
комиссия құрылды. Бұл жөнінде ресейлік басылымдар хабар таратты. Краснодар-Ош
бағытындағы әуе кемесі қону кезінде ауа райының қолайсыздығына байланысты ұшу
жолағының сыртына шығып кеткен. Лайнердің шассиіндегі тіреуіш сынып, қанаты мен
қозғалтқышы бөлініп қалған.
Avia Traffic аталатын жекеменшік компанияға тиесілі
ұшақтың бортында 159 адам болғаны анықталды. 6 адам ауруханаға түсті, қазір
олардың жағдайы жақсы. Есесіне, әуежайдың инфрақұрылымына айтарлықтай зақым
келді. Оқиғаның себебін арнайы құрылған үкіметтік комиссия анықтайтын болады.
Темір
Сариев, Қырғызстан премьер-министрі:
Біздегі
азаматтық авиация қалай бақыланады? Ұшуларды қадағалайтын орган қайда қарап
отыр? Метео жағдайдың күрделі екеніне
қарамастан, диспетчер қалай жұмыс
істеген? Мұның барлығын анықтау керек.
Базаргүл ОТЫНШИЕВА