$498.51 €522.84 ₽4.81
×

Қазақстанда лаңкестікке қарсы жүйе жетілдіріліп келеді

AstanaTV
23.11.2015ж. 20:00
1588
Қазақстанда лаңкестікке қарсы жүйе жетілдіріліп келеді

Елдегі антитеррорлық стратегия ұдайы жетілдіріліп келеді. Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Ерлан Қарин осылай деді. Сарапшы: «2014 жылы әлемде 13 мыңнан астам лаңкестік шабуыл тіркеліп,  салдарынан 30 мыңнан астам адам қаза тапты»,- дейді. Шабуылдардың тең жартысы ДАИШ пен Боко Харам лаңкестік топтарының мойнында. Жаһандық сипат алып отырған кеселмен тек күш біріктіру арқылы күресуге болады, - дейді Ерлан Қарин.

Ерлан Қарин, ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры:

Қазақстанда тиімді антитерорлық жүйе қалыптасқан. Ол үнемі жетілідіріліп келеді. Экстремизмге қарсы тиісті стратегиялар зерттеліп, қабылданды. Мемлекеттік органдар, құқық қорғау органдары, үкіметтік емес ұйымдар, барлығы күш біріктіріп, координациялық жұмыстарды жалғастыру керек деген ойдамыз. Ақпараттық даурығудың қажеті жоқ, бұл мәселеге келгенде сарабдал саясат жүргізуіміз керек.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА