Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Қызылордада қайырымдылық клубы шала туған нәрестелерді жылы киіммен қамтамасыз етуде

AstanaTV
23.11.2015ж. 20:00
1464
Қызылордада қайырымдылық клубы шала туған нәрестелерді жылы киіммен қамтамасыз етуде

Қызылордалық еріктілерден жасақталған қайырымдылық клубының мүшелері шала туылған балаларды қолмен тоқылған бұйымдармен қамтамасыз етуде. Олар ертедегі тымаққа салу рәсімін жаңа бағытта жетілдіруді көздеген. Өйткені тымақ қазір табыла бермейді. Сондықтан клуб мүшелері тоқып жатқан киімдер - осы әдістің замануи және қолжетімді шешімі.

Аймақтағы Ана мен бала орталығында өткен 9 айда 510 бала шала туылған. Оның 35-інің салмағы бір келігі жетпейді. Айта кетейік, 2008 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы салмағы 500 грамм болатын шақалақты адам қатарына қосу туралы шешім қабылдаған.

Манат Бодықова, Қызылорда облысы Ана мен бала орталығы бас дәрігерінің орынбасары: 

"28 ілмек" ұйымымен тығыз қарым-қатынастамыз, олардың берген тоқыма бұйымдары бізге осы шала туылған нәрестелерге, экстремалды салмақтағы балаларға  өзінің дене жылуын сақтап тұруда өте маңызы зор.

Әйгерім Нұрлан, «28 ілмек» қайырымдылық клубының мүшесі:

Екі айда бір рет осы жиналған, тоқылған заттарды Ана мен бала орталығына апарып тұрамыз. Тегін түрде, еріктілер де тегін жұмыс істейді. Жіптерді, спонсорлар дейміз, сол кісілер сатып алып береді, өзіміз де бірге сатып алып, тоқып апарып береміз, таза жүз процент жүннен тоқимыз.

Шарипа САҚТАПОВА