Маңызды
заң жобасын Мәжіліске жыл соңында әкелген Ұлттық экономика министрлігіне
депутаттар реніш білдірді. Президент биыл Үкіметке рұқсат құжаттарының санын 50
пайызға қысқартуды тапсырған. Енді депутаттар 1 ай 10 күн ішінде заң жобасын
қабылдап үлгеруі керек.
Сейітсұлтан
Әйімбетов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экономикалық реформа және
өңірлік даму комитетінің төрағасы:
Получается,
мы сегодня не выполним поручение президента. Не мы, а вы - министерство - должны
были в 2015-ом году. 2015 год заканчивается. Соны бірден келісіп алайық.
Заң
жобасын Ұлттық экономика министрінің орынбасары Тимур Жақсылықов
таныстырды. Оның айтуынша, бүгінде түрлі рұқсат құжаттардың саны 481-ді
құрайды. Министрлік 152 түрін қысқартуды
ұсынып отыр. Ол 39 пайызы. Жаңа заң кәсіпкерлік үшін әкімшілік кедергілерді
жоюға, мемлекеттік органдардың жұмысын жеңілдетуге, жалпы бизнесті дамытуға жол
ашуы тиіс.
Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ