Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Көктайғақтың салдарынан Қостанайдағы мектептерде сабақ болған жоқ

AstanaTV
24.11.2015ж. 20:00
1305
Көктайғақтың салдарынан Қостанайдағы мектептерде сабақ болған жоқ

Бүгін Қостанайдағы барлық мектепте сабақ болған жоқ. Қалалық білім бөлімі көктайғаққа орай осындай шешім қабылдаған. Екі күн ішінде 10 шақты бала тайғанап құлап, ауруханаға жеткізілген. Сондықтан білім ордаларында сабақты тоқтату туралы шешім қабылданған. Ауа райының қолайсыздығына байланысты аптаның соңына дейін балаларға тағы демалыс күндері жариялануы мүмкін.

Евгений Терентьев, Қостанай қалалық білім бөлімінің сектор жетекшісі:

Әуелі бірінші аусымда оқитындар үшін оқуды тоқтату туралы шешім қабылданды. Өйткені қала көшелері өте тайғақ, көлік қозғалысы қиындап кетті. Сағат таңғы 10 кезінде екінші аусымның сабағын өткізбеу туралы ұйғарым шықты.

Кешеден бері табиғаттың тосын құбылысы Тобыл өңірін әбден әбігерге салды. Көктайғақтың салдарынан көлік қозғалысы қиындап, мұзға тайып құлап, жарақаттанғандар саны  300-ге жуықтаған. Күн райының қолайсыздығына байланысты аймақта жол-көлік апаты да күрт көбейді. Кешелі бері 45 көлік соғысып, ауруханаға жеткізілгендер де бар. Төтенше жағдайлар қызметі көктайғаққа байланысты облыс аумағындағы жолдарда түнде жүруге тыйым салып отыр.

Виталий Штер, Қостанай облысы ІІД бөлім бастығы:

Өткен тәулікте 30 жол-көлік апаты болып, 1 адам зардап шеккен. Ал бүгін 15 оқиға тіркелді. Жүргізушілер мен жолаушылар дін-аман.

Заңғар САНАЙ 

Алдыңғы жаңалық

Келесі жаңалық