Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Қызылжарда көктайғақтың кесірінен бүгін 40 адам жарақат алды

AstanaTV
24.11.2015ж. 20:00
1167
Қызылжарда көктайғақтың кесірінен бүгін 40 адам жарақат алды

Ал Қызылжарда көктайғақтың кесірінен бүгін 40 адам жарақат алды. Өңірде ауа температурасы көтеріліп, кешеден бері қар аралас жаңбыр жауып жатыр. Сондықтан кешке дейін тайып құлағандардың саны тағы артады, - дейді дәрігерлер.

Абырой болғанда, аймақта ірі жол апаттары тіркелген жоқ. Төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында жол сақшылары түнде облыстық және республикалық маңызы бар жолдарды жауып тастады. Ал синоптиктер, қолайсыз күн райы әлі шамамен үш күнге жалғасатынын хабарлады.

Валерий Грибашев, Петропавл қаласы №3-ші ауруханасының травматологиялық бөлім меңгерушісі:

Әдетте көктайғақта жарақат саны артады. Бүгін де сондай жағдай қайталанып отыр. Дәрігерлерге жолыққан адамдар көбінесе аяқ-қолдарын, иық, жамбастарын зақымдаған. Бірақ кейбірінің жарақаттары тым ауыр. Мәселен, жамбастарын сындырып алған ересек әйел адамдар бар. 

Абзал ҚҰРМАНКИН