$498.51 €522.84 ₽4.81
×

Астанада үкіметтік емес ұйымдарының қалалық форумы өтті

AstanaTV
24.11.2015ж. 20:00
1099
Астанада үкіметтік емес ұйымдарының қалалық форумы өтті

Болашақта үкіметтік емес ұйымдардың әлеуеті арта түспек. Үкімет және түрлі деңгейдегі әкімдіктер Ұлт жоспары бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам аясында осы ұйымдармен белсенді жұмыс істемек. Бұл туралы Астанада өткен қалалық форумда белгілі болды.

Қазіргі таңда Астана қаласының өзінде 300 үкіметтік емес ұйым тіркелген. Олардың басым бөлігі халықтың әлеуметтік топтарын, денсаулық сақтау, жастар саясатын қолдау және тағы да басқа бағыттарда жұмыс жасап жатыр. Қазірдің өзінде қалалық әкімдіктің барлық басқармалары үкіметтік емес ұйымдармен бірге көптеген әлеуметтік жобаларды іске асыруда. Осы бағытта 2015 жылы 500 миллион теңге қаржы бөлінген. Бірақ, енді үкіметтік емес ұйымдар тек бір күндік емес, қоғамға маңызды мемлекеттік шараларға атсалыспақ. Әсіресе, 100 нақты қадамды жүзеге асырудағы жұмыстарға белсенді жұмылдыру көзделген.

Марат Башимов, сарапшы, заң ғылымдарының докторы:

100 қадамның аясында мемлекеттің транспарентігі, ашықтығы мемлекеттік емес ұйымдармен бірге жұмыс істеп, әлеуметтік жағдайды шешуі. Сол үшін де осындай кездесулер өте пайдалы. Өйткені қоғамдық кеңестердің өздерін мемлекет өзіне тартып отыр. Осындай кездесулердің арқасында мемлекет мына қоғам арқылы өзінің проблемаларын көбірек біледі. Қалай шешу керек, қайда бару керек?  Дұрыс жүріп жатыр ма, дұрыс емес пе? Оның барлығын қоғам ғана біледі. 

Берік ХАСЕНОВ