Мұнай
сервис саласындағылар үшін 25 мың жаңа жұмыс орны ашылуы мүмкін. Бұл
туралы мұнай сервис компаниялары одағының төрағасы Алмас Құдайбергенов Орталық
коммуникациялар қызметінде хабарлады. Ол сонымен қатар, салада 40 мың адамының
қысқарып қалуы мүмкіндігін де растады.
Бұған дейін оны Энергетика министрі
Владимир Школьник айтқан еді. Алайда бұл қысқартулар үш жыл үшінде жүргізілмек.
Бүгінде мұнай компанияларына қызмет көрсету салаларында 200 мыңдай адам жұмыс
істейді. Ал жұмыс ауқымы 15-20 пайызға төмендеп кеткен. Дегенмен мұнайшылар
Теңіз кен орнының кеңейтілуінен үлкен үміт күтеді.
Алмас
Құдайберген, ҚР мұнай сервис компаниялары одағының төрағасы:
Егер
Теңіз кен орны кеңейтілетін болса, Атырау мен Маңғыстау облыстарында қосымша
20-25 мың жаңа жұмыс орны ашылады. Біз бұл мәселе осы жылдың аяғы немесе алдағы
жылдың басында оң шешімін табады деп үміттеніп отырмыз. Сондықтан қысқартулардың мәселесін жаңа жұмыс орындарының ашылуымен шешуге болады.
Айгүл ӘДЕПБАЙ