Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Көлік жүргізушілеріне салынатын айыппұл азаяды

AstanaTV
26.11.2015ж. 20:00
668
Көлік жүргізушілеріне салынатын айыппұл азаяды

Жол ережесін бұзғандарға салынатын айыппұл көлемі азаюы мүмкін. Бас прокуратура осындай бастама көтеріп отыр. Бұған айыппұлдар көлемінің халықтың әлеуеттік жағдайына сәйкес келмеуі әсер еткен. Оған қоса, көлемді айыппұлдар төленбей қордаланып қалған. Бастама жылдамдық асыру сияқты жеңіл-желпі тәртіп бұзушылықтарға қатысты болмақ. Шенділердің дерегінше, жыл басынан бері 902 млн жол ережесін бұзу фактісі тіркелген. Бұдан қазынаға 15 млрд теңге түсуі тиіс-тін. Бірақ бүгінде жартысы ғана өндірілген.

Руслан Әлішев, ҚР Бас прокуратурасы департаментінің аға прокуроры:

Тексеру мен талдау нәтижелері айыппұлдардың жалпы халықтың әлеуметтік жағдайларына сәйкессіз болуы және өндірудің төменділік сапасына байланысты. Жазаның басқа түрлерін айппұлдардың орнына алмастыру мәселесі қарастырылуда.

Еске салайық, 2013 жылы жол ережесін сақтамағандарға салынатын айыппұлдар көлемі еселеп өскен. Бұған қарамастан, жол апаты азаймай отар. Жыл сайын тас жолдарда 3 мыңдай адам жан тапсырады. Былтырдан бері 20 мың қоғамдық көлік жүргізушісі әкімшілік-қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Сондай-ақ прокурорлар Семей, Арқалық, Жезқазған қалаларында ешқандай жабдықтаусыз, жүргізуші куәліктерін таратқан мектептерді анықтаған. Құзырлы орган жүргізушілік мектептердің санын қысқартуды сұрап отыр.

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ