$525.87 €614.37 ₽6.72
×

Жанармай станциялары бензиннің бағасын заңсыз көтерген

AstanaTV
26.11.2015ж. 20:00
1196
Жанармай станциялары бензиннің бағасын заңсыз көтерген

Ақтөбедегі жанармай станциялары бензин бағасын заңсыз көтерген. Мұндай шешімді табиғи монополияларды реттеу агенттігінің облыстық департаменті өкілдері шығарған. Олар бензинді бөлшектеп сататын 6 серіктестік өзара келісімге келгендігін айтады.

Қыркүйекте АИ-92 маркалы бензиннің бағасын үкімет бақылауынан босата салысымен, оның құнын 108 теңгеден 125-127 теңге бір-ақ көтерген. Осыған орай аталған департамент тексеру жасаған. Нәтижесінде жергілікті жанармай станцияларына қатысты қозғалған әкімшілік іс сотқа жолданды. Егер құзырлы органдар жанармай станцияларын айыпты деп таныса, олар 11 млн теңгеден астам айыппұл төлеуі тиіс. Қадағалаушы орган болашақта да бензиннің бағасын бақылауда ұстайтындарын айтты.

Сағындық Ерғалиев, Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаменті жетекшісінің орынбасары:

Біз тексеру жүргізу кезінде олардың қоймаларындағы бензинді ескі бағамен сатып алғандығын анықтадық. Яғни бензиннің құнын көтеруге ешқандай негіз болмаған. Соған қарамастан, барлығы бір мезгілде, бірдей бағам орнатқан. Мысалы, АИ-92 маркалы бензиннің литрін 125 теңгеден саудалаған. Ал өздері сатып алатын көтерме бағамы өзгеріссіз қалған.

Мансұр ЕСХОЖИН