Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Керекудегі АП-162/2 колониясында жазаларын өтеп жатқан екі камерундық домбыраның құлағында ойнайды

AstanaTV
26.11.2015ж. 20:00
1002
Керекудегі АП-162/2 колониясында жазаларын өтеп жатқан екі камерундық домбыраның құлағында ойнайды

Керекудегі АП-162/2 колониясында жазасын өтеп жатқан камерундық азаматтар, домбыраның құлағында ойнап, қатарластарын таңқалдырды. Айтуларынша, бұл әрекеті арқылы олар қазақ халқы мен оның өнеріне деген құрметін көрсетпек.

«Ұлттың болмысын түсінудің басты құралы - өнері. Сондықтан бірден қазақ әуендерін үйренуге кірістік,- дейді жігіттер. Әрине, оңай болмаған. Бірақ талпыныс пен талаптың арқасында домбыра тартуды үйренген. Бір қызығы - олар бұған дейін бірде-бір аспапта ойнамаған. Аз уақытта репертуарлары толыға түсіпті. Қазірде қоржындарында бүгінгінің хит туындыларымен қоса, халық әндері де бар.

Қазақтың оюлы шапанын киіп, қазақ әнін нақышына келтіре орындап тұрған Кристиан мен Парфе жалған ақша жасағандары үшін алдағы 6 жылын түрмеде өткізеді. Ал олар құрған «Достар» вокалдық-аспаптық ансамблі сотталғандардың сүйікті тобына айналған.

Бұл мен үшін жаңа үрдіс. Яғни бейтаныс ұлттың болмысын тану - бұл. Домбыраның үнін алғаш естігенде, тамсандым. Үйренгім келді. Шыны керек, маған қазақ әндері де, қазақ тілі де өте ұнайды. 

Алдыңғы жаңалық

Келесі жаңалық