Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

«Нұр Отан» партиясы 7 желтоқсанда «тікелей телефон» жүйесін іске қосады

AstanaTV
26.11.2015ж. 20:00
1548
«Нұр Отан» партиясы 7 желтоқсанда «тікелей телефон» жүйесін іске қосады

Желтоқсан айының жетісі күні «Нұр Отан» партиясы жаңа «тікелей телефон» және WhatsApp мессенджер жүйесін іске қосады. Осы арқылы еліміздің түкпір-түкпіріндегі азаматтар өз мәселелерін партияға тікелей хабарлай алады.

Қазіргі таңда жұмыс істеп тұрған нөмердің орнына енді он бір сандық 8-800-080-44-41 нөмірі іске қосылады. Бұл нөмірге қоңырау шалу тегін. Сонымен қатар, ұялы телефондарды қолданушылар фото және бейнежазбаларды жіберу үшін 8-700-800-44-41 нөмірі ашылмақ. «Нұр Отан» партиясының тікелей телефон жүйесі сенбі және жексенбі күндерінен басқа  таңғы сегізден бастап кешкі 19.00-ге дейін жұмыс істемек. Жоғарыда көрсетілген телефон нөмірлері арқылы азаматтар партия мүшелерінің этика кодекстерінің бұзылуы, мемлекеттік қызметкерлердің заңға қайшы іс-қимылдары, жемқорлық, «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша іске асып жатқан жобалардағы заң бұзушылықтар мен басқа да мәселелерді хабарлай алады.

Сонымен қатар, бұл желі арқылы азаматтар депутаттарға, мемлекеттік қызметкерлердің жеке қабылдауларына жазыла алады. Депутат Гүлнәр Сейтмағамбетова, бұл жаңалықтан кейін заңнамаларды жетілдіру жұмысы жүйелі түрде атқарылатынын, ерекше атады.

Гүлнәр Сейтмағанбетова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

Заң жобасын қарап отырып, ол «правоприменительная практика» дейді ғой, қалай жүзеге асу керек, қандай кемшіліктері бар. Осыған ұсыныстар алу - бізге ең маңызды мәселе. Біз, мысалы, барлық саланы бірдей біле бермеуіміз мүмкін. Әр саланың адамдары, депутаттар, ол аймақтық, аудандық, қалалық деген сияқты. Өкінішке орай, күні бүгінге дейін біз жібереміз, бірақ кейін бізге жауап келмейді. Көбіне «ой, дұрыс, ұсынысымыз жоқ» деген біз «отписка» жауап алатынбыз. Енді, міне, «Нұр Отан» партиясының басшылығымен тікелей жүйелендіріліп отыр. 

Берік ХАСЕНОВ