Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

1 қаңтардан бастап денсаулық және әлеуметтік сала қызметкерлерінің жалақылары 7-29% аралығында өседі

AstanaTV
10.11.2015ж. 20:00
1182
1 қаңтардан бастап денсаулық және әлеуметтік сала қызметкерлерінің жалақылары 7-29% аралығында өседі

Жаңа жылдан бастап жаңа жалақы жүйесі енгізіледі. Бүгін астаналық дәрігерлер мен ұстаздар қауымы Еңбек Кодексімен егжей-тегжейлі танысты. Оны жұмысшы топқа Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенованың өзі түсіндірді. Кодекске сай дәрігерлер мен ұстаздардың еңбекақылары 7% бен 29 % аралығында өспек. Жалақылары еңбек өтіліне, жұмыс деңгейінің ауырлығына, білімі мен тәжірибесіне сай төрт категория бойынша есептеледі, - дейді министр.

Нақтырақ айтсақ, денсаулық сақтау саласы мамандарының еңбекақысы 7%-дан 28%-ға дейін ұлғайады. Ұстаздардың ай сайынғы табысы 15%-дан 29%-ға дейін өседі. Өзге сала қызметкерлерінің еңбекақылары 29 дан 40% -ға дейін артады. Бұл санатқа спорт, ауыл шаруашылығы салаларында еңбек етіп жүрген азаматтар кіреді. Көп жылдар бойы еңбектері тиісті деңгейде бағаланбай жүрген мəдениет қызметкерлерінің де еңбегі назардан тыс қалмады.

Тамара Дүйсенова, ҚР Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму министрі:

Мәдениет саласында жұмыс істейтін азаматтардың орташа еңбекақысы бүгін 37 мен 47 мыңның арасында болатын болса, жаңа системада 67 мыңға дейін көтерілетін болды. Әртістер, музей қызметкерлері, библиотека қызметкерлері, театр қызметкерлері, осылардың барлығы жаңа системаға байланысты.

"Мемлекет әлеуметтік салаларға, қысылтаяң экономикалық кезеңге қарамастан, көп көңіл бөлуде. Алайда денсаулық сақтау саласы  сын көтремейді". "Саламатты Қазақстан" бағдарламасының бірніші кезең қортындысын талқылау барысында Премьер-министрдің орынбасары Дариға Назарбаева осындай ойын айтып қалды. Ол отандастарымыздың шетелде ем қабылдауға ынтызар екенін алға тартты. Айтуынша, бұл біздің медицина саласының осалдығы.

Дариға Назарбаева, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:

Мы сегодня говорим о таких недостатках как жалобы населения на качество медицинской помощи, степень доступности медицинской помощи, и в целом наблюдается высокий уровень недовольства и неудовлетворенности. Причем не довольны обе стороны. И врачи недовольны. 

Еңбекақы төлеу жүйесінің жаңа үлгісі: Денсаулық сақтау саласы - 7%- 28% Білім беру саласы - 15%- 29% Өзге салалар - 28%- 40% 

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА