$498.51 €522.84 ₽4.81
×

«Нұр Отан» партиясының баспасөз орталығы халық пен партия арасын жақындата түспек - Гүлмира Исимбаева

AstanaTV
10.11.2015ж. 20:00
1434
«Нұр Отан» партиясының баспасөз орталығы халық пен партия арасын жақындата түспек - Гүлмира Исимбаева

«Нұр Отан» партиясының баспасөз орталығы - қоғамдағы көкейкесті мәселелерді партия назарына ұсынатын таптырмас ақпарат алаңы. Бұндай пікірді бүгін Парламент Мәжілісіндегі «Нұр Отан» фракциясының мүшесі Гүлмира Исимбаева орталықтың алғашқы баспасөз отырысында білдірді.

Депутаттар алғашқы брифингте Парламент қабырғасында елдің «Бес институционалды реформасының 100 нақты қадамын» іске асыру аясында депутаттық корпустың «Нұр Отан» фракциясы мүшелерінің түрткі болуымен көтеріліп, қабылданған заң жобалары жайын тарқатып айтты. Мәселен, жақында мемлекет басшысы қол қойған «Қоғамдық кеңестер туралы» заң жобасы әлеуметтік маңызды мәселелердің азаматтық қоғамның араласуымен шешілуін заңмен қамтамасыз етті.

Нұрлан Әбдіров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

Үкіметпен, билікпен, жалпы мемлекеттік органдардың қатысуымен және жалпы қоғамның қатысуымен бірлесіп құрылған жүйелер жұмыстарын істеп жатыр. Бірақ олардың қызметі заң негізінде қарастырылмаған. Көбіне министрліктің жанында болса, ол министрдің бұйрығымен, егер әкімшіліктің жанында құрылған болса, ол әкімнің үкімімен, осындай әртүрлі қоғамдық жүйелер өз қызметін істеп жатыр.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ