$498.51 €522.84 ₽4.81
×

Білім беру бағдарламасының 60 пайызы өндіріс ошағында өтуі тиіс

AstanaTV
11.11.2015ж. 20:00
1243
Білім беру бағдарламасының 60 пайызы өндіріс ошағында өтуі тиіс

Білім беру бағдарламасының 60 пайызы өндіріс ошағында өтуі тиіс. Яғни тәжірибеге баса мән берілу керек. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясының партиялық кураторы, Мәжіліс депутаты Гүлмира Исімбаева «Білім беру және ғылым» бағытындағы сарапшы тобының отырысында  мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл норма «Білім беру туралы» жаңа заң жобасына енгізілген.

2013 жылмен салыстырғанда дуальдік білім беруге көшкен колледждер саны 176-дан 348-ге жеткен. Яғни көрсеткіш екі есе артқан. Гүлмира Исімбаеваның пікірінше, бүгінде өндіріс мекемелерінде көптеген бос орындар бар. Алайда жұмысқа орналаса алмай жүрген жастар да баршылық. Сондықтан дуальдік білім беру жүйесіне білім беру мекемесі, студент және жұмыс берушінің үш жақты жауапкершілігі қарастырылған.

Гүлмира Исімбаева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

Жұмыс берушілерді практикадан өткізуге заң міндеттеп отыр. Маман сапалы дайындалған кезде оған сұраныс болса, ол ертеңгі күнде сол мекемеге барып жұмыс істей алады. Сол себепті жұмыс берушілердің қызығушылығы болуға тиіс. Заң оны міндеттеп отыр. 

Айгүл ӘДЕПБАЙ