Қызылордадағы
90 пәтерлі көп қабатты үйге суық су берілді. Кешегі жаңалықтырымызда суық судың
орнына шүмектен сапасыз ыстық су ағып, тұрғындарды әбігерге салғаны жайлы
хабарлаған едік. Бейнематериал эфирге шығысымен, мәселе туындаған баспанаға
жылу жүйесінің мамандары келіп тексерген. Нәтижесінде екі пәтер иесінің заңсыз
әрекетін әшкере еткен. Айтуларынша, олар өз беттерінше асхана мен жуынатын
бөлмелерде орналасқан жылу жүйесінің құбырларын тесіп, шүмектер орнатқан.
Сөйтіп, құбырдағы ыстық суды ұрлап, тұрмыстық қажеттеріне пайдаланып келген.
Осының салдарынан жылу жүйесіндегі ыстық судың қысымы көтеріліп кеткен. Айта
кетейік, Қызылорда тұрғындары ыстық сумен қамтамасыз етілмеген.
Руслан
Байқонақов, Қызылорда жылу жүйесінің бас инженері:
Тексеру
барысында номері 60, 69 пәтерлерде жылу жүйесінің бұзылғаны
анықталды. Олар сол ыстық суды пайдалана отырып, мұздай суға смеситель арқылы кетіп калған, сондықтан
бүкіл үй ыстық суды пайдаланған. Қазір ахуалдың барлығы жойылды, аталған екі
пәтер сотқа беріледі.
Жылуға
жауаптылар: "Мұндай заңсыздық көп қабатты тұрғын үйде көп болуы мүмкін,
анықталғаны тек пәтер есігін ашқандары ғана",- дейді. Енді ыстық су ұрлағандар
пәтер ішіндегі құбырдан заңсыз орнатқан шүмектерін алып тастауға міндетті.
Бірақ басқа мәселе пайда болуы мүмкін. Жылу жүйесі мамандары асхана мен жуыну бөлмелеріндегі
жылуды уақытша тоқтатуға мәжбүр екендерін айтты.
Еске салайық, кешегі
жаңалықтарымызда бір айдан бері пәтердегі суық судың шүмегінен ыстық су ағып
тұрғаны жайлы айтқан едік. Тұрғындар оның жағымсыз дәмі мен иісіне қарамастан
пайдалануға мәжбүр екендерін айтқан болатын.
Шарипа САҚТАПОВА