$523.2 €594.3 ₽6.38
×

«Нұр Отан» партиясы жастарды жұмысқа орналастыруға жәрдем бермек

AstanaTV
07.06.2016ж. 20:00
1880
«Нұр Отан» партиясы жастарды жұмысқа орналастыруға жәрдем бермек

Жастардың жұмысқа орналасуына «Нұр Отан» партиясы жәрдем бермек. «Сәтті қадам» жобасы аясында ЖОО мен колледж бітірген жетім балалар еңбекпен қамтылатын болады. Жоба 4 жылдан бері табысты жүзеге асырылып келеді. Биыл бірқатар толықтырулар енгізілген, ол бойынша жұмыстар бағытта жүргізілмек.  Жас мамандар беделді компанияларда тәжірбиеден өтеді, сондай-ақ ата-анасы жоқ жеткіншектерді жұмысқа орналастыруды көздейді.

Білім және ғылым министрлігінің дерегіне сәйкес, биыл ата-ана қамқорлығынан айрылған 3600 жас маман диплом алады. Қазірдің өзінде жоба аясында ұлттық компаниялармен қатар ірі кәсіпорындармен меморандумдар жасалды. Жас отандықтар кәсіпкерлерді жастарды белсенді қолдауға шақырады.

Шахмардан Байманов, «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» ЖҚ төрағасы:

«Жас Отан» жастар қанаты бүкіл Қазақстандағы жұмыс берушілерді осы «Сәтті қадам» жобасына қатысып, қолдау қажет ететін жас мамандарды тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз ету аясында бірлесе жұмыс жасауға шақырамыз.

Аталмыш жоба еліміздің барлық аймақтарында қолдау тауып келеді. Былтыр Оралда «Сәтті қадам» жобасына қатысуға 102 жас маман өтініш білдірді. Оның 8-і іріктеліп арнайы тағылымдамадан өтуге жіберілген. Айта кетейік, былтыр Оралда 11 компаниямен келіссөз жүргізіліп, түрлі меморандумға қол қойылса, биыл олардың қатары тағы 5 компаниямен толыққан.

Нұрғали Жолдасқалиев, «Нұр Отан» партиясы БҚОФ «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы:

Олар ең алдымен бізге вакансиялар туралы ақпарат береді. Сол мамандықтар тізіміне бізде сай келетін жастар болса, біздер жетімдерді бірінші жұмысқа жіберетін боламыз. 

Берік ХАСЕНОВ