Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

«Қазақ хандығы» телехикаясына халық қаржылай көмек көрсетуде

AstanaTV
11.11.2015ж. 20:00
1455
«Қазақ хандығы» телехикаясына халық қаржылай көмек көрсетуде

«Қазақ хандығы» атты телехикаяның түсірілімін аяқтауға халық қаржылай көмек көрсетуде. Қазірдің өзінде қазақстандықтардың арқасында 150 миллион теңге жиналыпты. Бұл туралы телехикаяның продюсері Арман Асенов мәлімдеді. Сонымен қатар, кинолентаны аяқтауға демеушілер де тартылған. Қазіргі күні телесериалдың 150 көрінісінің жетпіс түсірілімі аяқталыпты. Продюсердің айтуынша, Қытайдағы түсірілім алаңында 250-ден астам актер жұмылдырылған.

Еске салсам, көптің асыға күткен «Қазақ хандығы» 10 сериалды телехикасы келер жылы наурызда көгілдір экранға шығуы тиіс. Сонымен қатар, Орталық коммуникациялар орталығында "Мәңгілік ел» бағдарламасы әзірленгені белгілі болды. Оны Мәдениет және спорт министрлігі «100 нақты қадам» жобасын насихаттау аясында қолға алған болатын.

Ақтоты Райымқұлова, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің департамент директоры:

Мәңгілік ел бағдарламасы Қазақстан тарихына арналған киножобалар туралы өндірістік жоспар. Оның мақсаты - мына Қазақ мемлекеттігінің қалыптасыу туралы, Қазақстан тарихына жалпы заманауи тарихқа негізделген шығармаларды шығару және оларды киножобалар ретінде  халыққа насихаттау. 

Алдыңғы жаңалық