Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Қызылордадағы Батыс Еуропа-Батыс Қытай халықаралық дәлізінің құрылысы бірнеше күнге тоқтап қалған

AstanaTV
12.11.2015ж. 20:00
1352
Қызылордадағы Батыс Еуропа-Батыс Қытай халықаралық дәлізінің құрылысы бірнеше күнге тоқтап қалған

Қызылорда облысындағы Батыс Еуропа-Батыс Қытай халықаралық жол дәлізінің құрылысы бірнеше күннен бері тоқтап тұр. Бұл туралы арнамызға құрылысқа жүк таситын арнайы көліктердің жүргізушілері шағымданды. Құрылыс заттарын таситындар жұмысына облыстық көлікті бақылау инспекторлары кедергі жасап отырса керек. Өйткені заңға жаңа норма енгізілсе керек. Ол қандай ереже? Тілшіміз тараптарды тыңдап қайтты. 

Аталған халықаралық жолға 120 арнайы ауыр көлік жұмылдырылған. Олар күн сайын жолға қажетті тас, құм, битум тасымалдайды. Ауа-райының қолайлылығын пайдаланып, құрылысты жылдамдатуды көздегендерін айтады. Алайда жұмыс 10 күннен бері тоқтап тұр. 

Бисенбай Әбжаппаров, жүргізуші:

Машина 32 тоннадан аспау керек дейді, техпаспортта солай жазылу керек дейді. 

Олардың айтуынша, көлік инспекторлары техника құжаттарын 41 тоннадан 25 тоннаға ауыстыруын талап етеді. Бұл биыл қазан айында ғана күшіне енген жаңа Заңға сәйкес қолға алыныпты.

Манас Сартаев, жүргізуші:

Техпаспорттарын қайтадан өзгерту үшін кем-дегенде алты ай уақыт керек. Мейлі алты ай болмай-ақ қойсын, кем дегенде, бір ай бұрын бізге уведомление жасамайды ма: мына техпаспорттарыңды дайындаңдар деп ноябрьде.

Оразай Тәжекеев, жүргізуші:

Шу шығармандар деп жатқан басшылар, себебі өздері шешеміз дейді. Оны қашанғы енді күте береміз? Келеміз-кетеміз, айлық жоқ, айлық жазбайды келіп-кеткенге.

Көлекті бақылау инспекциясы болса: Заң барлығына бір. Көлік пен жүктің салмағы жалпы 25 тоннадан асса, көлікке жаңа жолмен жүруге тыйым салынады, -деді. Ал, алдын ала ескерту біздің құзырымызға кірмейді деп кесіп айтты.

Ержан Жолдасов, Қызылорда облыстық көлікті бақылау инспекциясының басшысы:

9 қазаннан бастап 2015 жылдың жаңа өзгерістер енгізліген. Егер де материалды тасымалдайтын автокөліктер өз берген салмақтарын сақтамаған жағдайда, біз Кодекстің өзгерістеріне сәйкес административтік жауапкершілікке тартамыз.

Жергілікті билік бұл жайттан хабардар. Олар ортада түсінбеушілік болған деп отыр. Қойылған талап - көлік құжатын ауыстыру емес, таситын жүктің салмағы керекті мөлшерден аспауы тиіс.

Дамир Тілеуов, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқарма басшысының орынбасары:

Определенный тоннажбен жүре алады, 15 тоннаға дейін деп  келісімге келдік. Но полный груженый журе алмайды. Транспортная инспекция при таком условии келісіп отыр, главное, чтобы тоннаж не превышал дейді сверх нормы.

Жергілікті билік, жол дәлізі уақытылы, яғни 16 желтоқсанда пайдалануға беріледі, деп сендірді. Сондай-ақ, бейнематериал дайындалып жатқанда көлік жүргізушілері арнамызға келіп, жұмыстың қайта жанданғанын айтып, алғыс білдірді.

Шарипа САҚТАПОВА