Қазақстанда
үздік жас ғалымның есімі анықталды. Дана Ақылбекова бар болғаны 29 жасында қант
диабетіне қарсы инсулин өндіретін жасуша ойлап тапқан.
Елімізде
тұңғыш рет өткізілген жас ғалымдар байқауының жеңімпазына бүгін жеті жарым
миллион теңге көлемінде сыйақы табысталып, биыл Лондонда өтетін жас ғалымдар
сайысына жолдама берілді. Инноваторлар додасы бүгін ел премьері Кәрім
Мәсімовтың қатысуымен өткен Астанадағы Халықаралық инновациялық конгресс
аясында ұйымдастырылды.
Жалпы, жас ғалымдар байқауына биыл жыл басынан бері үш
жүзден астам үміткер тіркелген болатын. Ал ұсынылған ғылыми жұмыстар түрлі салаларды қамтиды. Форумға инновация
саласының сарапшылары, инвесторлар, 150 үздік стартаптың негізін қалаушылары
мен шетелден келген 1 500 мейман қатысты.
Дана
Ақылбекова, жас ғалым:
Мен
қазір қант диабетіне қарсы инсулин өндіретін жасушалармен жұмыс істеудемін.
Инсулиннің өзі негізінде өте қымбат. Мәселен, бір айлық екпеге адамның 200-300
долларға жуық қаражаты жұмсалып кетеді. Ал менің ғылыми зерттеулерім негізінде,
адам ағзасына егілген аталмыш жасушалар көмірсу алмасу гармонын өздігінен
өндіріп тұрып, қажетті инсулинді бөледі. Яғни инсулиндік жетіспеушіліктен
жылдар бойына арылуға көмектеседі. Әрі қаржыны да үнемдейді.
Жұрағат БАМАН