Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Бейруттегі жантүршігерлік жарылысты ДАИШ өз мойнына алды

AstanaTV
13.11.2015ж. 20:00
990
Бейруттегі жантүршігерлік жарылысты ДАИШ өз мойнына алды

Ливан астанасындағы екі дүркін жарылысты ДАИШ өз мойнына алды. Бұл туралы Рейтерс агенттігі хабарлады. Бейрутте араға жеті минут салып орын алған 2 бірдей жарылыстан 43 адам ажал құшып, кем дегенде 240 адам түрлі жарақат алды. Ондаған адам хал үстінде жатыр. Ливан Ішкі істер министрі Нухад аль-Машнуктің мәліметінше, жарылғыш затты жанкештілер іске қосқан. Олардың екеуі жарылыс кезінде көз жұмса, үшіншісі бомбаны іске қосу кезінде жойылыпты.

Белгілі болғандай, террористтер адам көп шоғырланған алаңға пошта таситын мотоциклдермен барған. Бірінші жарылыстан кейін жараланған адамдарға көмек көрсетуге халық жаппай ұмтылған. Тап осы кезде екінші жарылыс болған екен. Бүгін Ливан билігі жарылыс құрбандарына арнап жалпыұлттық қаралы күн жариялады. 

Берік ХАСЕНОВ