Бүгін
Алматыдағы Алмалы ауданының тұрғындары сағаттың қоңырауынан емес, төтенше
жағдай кезінде қосылатын дабыл дауысынан шошып оянды. Бір сағат бойы үздіксіз
естілген дабыл адамдар арасында
дүрбелең туғызған.
Александр:
Таңғы
сағат бестің шамасында естідік. Балалар абдырап қалды. Алғашында автокөліктің
дабыл қаққышы екен деп ойладық. Тоқтаусыз соққан дауыстан үрейленіп, теледидар қосып, ғаламторға үңілдік.
Бірақ сол күйі не болғанын түсінбедік.
Алайда,
қалалық төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері бұл ақпарды жоққа шығарды.
Тұрғындардан хабар алысымен, шұғыл дабыл
қаққыш жүйелерін тексердік, бірақ ешқандай ақау таппадық, - деп отыр.
Сандуғаш
Баймұхамбетова, Алматы қаласы төтенше жағдайлар
департаментінің ресми өкілі:
Департамент
«Алматытелеком» қызметкерлерімен бірге Розыбакиев көшесі 33а мекенжайындағы нөмірі 67 орта мектебіндегі ең
жақын электросирена тексерілді. Тексеру нәтижесі бойынша электросиренаны қосу
фактісі расталған жоқ.
Самат ҚАНАҒАТОВ