$518.97 €607.3 ₽6.64
×

Алматының таулы аумақтарына қалың қар түсті

AstanaTV
16.11.2015ж. 20:00
1053
Алматының таулы аумақтарына қалың қар түсті

Алматының таулы аумақтарына қалың қар түсті. 300 шаршы метр ақ ұлпа қала сыртына шығарылған. Кеше кешкісін жауа бастаған қардың қалыңдығы 15, таулы аймақта 35 сантиметрге жеткен. Бұтақтары қалың қарды көтермеген 12 ағаш құлады. Оның төртеуі жол жиегінде тұрған көліктерді зақымдаған. Қар тазалау жұмыстарына 292 техника мен 400-ден аса жұмысшы тартылды. Көшелер тазаланып, көктайғақтың алдын алу үшін 1 800 тоннадай құм мен тұз себілді. 

Алмат Әмірешов, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы бөлім жетекшісі:

Құлаған ағаштар үкіметтің жерінде болса, ауданның әкімшліктері алып жатыр, ал жекеменшіктің және ішкі аумақтарда жеке кооперативтер алып жатыр және ЧС. Зардап шеккен көлік иелеріне мемлекеттік ағаштар тұрған жолда құласа, сот арқылы аудандық әкімшіліктер қаражаттарын  төлеу керек.