$521.53 €601.01 ₽6.43
×

Алматыда ауа температурасының көтерілуінен тасқын қаупі бар

AstanaTV
08.06.2016ж. 20:00
1562
Алматыда ауа температурасының көтерілуінен тасқын қаупі бар

Алматыда өзендердің тасу қаупі бар. Синоптиктер оңтүстік өңірлерде маусымның 8-і мен 13 -і аралығында күннің қатты ыситынын болжап отыр. Кей жерлерде ауа температурасы +43 градусқа дейін көтеріледі. Осыған байланысты Алматы маңындағы өзендерде су деңгейі көтеріліп, тасқын қаупі күшеймек. Бұл туралы төтенше жағдайлар департаменті өкілдері мәлімдеді.

Бірақ халықтың алаңдауына негіз жоқ. «Қазақселденқорғау» мекемесінің мамандары жергілікті әкімдікпен бірігіп, таудағы көлдерді қатаң бақылауға алады. Қазір онда мұздақтардың еруі байқалмайды. Бірақ күн қатты ысып кетсе, су қоймаларының деңгейін тұрақты ұстау үшін, артық суды өзендерге жіберуге мәжбүрміз, - дейді мамандар. 

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ