Ғасыр жобасы атанған «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Солтүстік
Арал теңізін сақтап қалу» жобасының бірінші кезеніңде бұрынғы теңізге
балықтар оралды. Бұл туралы Қызылорда Арал өңірінде өткен балықшылар слетінде
айтылды. Жүзден астам қатысушылар екі күн ішінде саланың жетістігімен қоса,
түйінделген мәселелерін талқылады. Балықшылар қайықтардың тозығы жеткенін
айтады. Оны алу үшін қомақты қаражат қажет. Сондықтан үкімет несие беру арқылы
шешуге көмектессе, деген өтініштері бар.
Бүгінде Арал өңірінде сегіз балық зауыты бар. Ал балық аулау көлемі жылына
сегіз мың тоннаға жеткен. Балықшылардың айтуынша, Кіші Аралда су қордаланғалы
бері балық шаруашылығы саласының тамырына қан жүгірді. Бөгет салынып, теңіз
суға толған. Нәтижесінде жылына балықтың жиырма екі түрінен жеті жүз тонна
түрлі өнім Польша, Германия, Австрия, Ресей, Украина, Грузия және Армения
елдеріне экспортталып отыр. Дегенмен, балықшылар билік тарапынан әлі де
қолдауды қажет ететіндерін жасырмайды.
Әділбек Әйімбетов, балық шаруашылығын дамыту консорциумының төрағасы:
Свет, жол - ең үлкен мәселе. Ендігі мәселе - мынау жүзу құралдары,
аулау құралдары. Осы құралдарды алуға көмектесуге, соған несие қаржыландыру.
Қайықтар - 700-800 мың теңге тұрады, оның моторы ол да сондай бағамен тұрады.
Ел тарихындағы бірінші, әрі жалғыз бұрынғы балық шаруашылығы министрі
болған Құдайберген Саржанов та осы қарқынмен шаруашылық өркендесе, "Қызыл
кітапқа" енген балықтар Аралға қайтып келетініне сенеді.
Тұқымы күріш алқыптары ішінде өсітінін таптық. Аулап келгенде 2-3 малек
болады, соның ішінен 3-4 аламыз, бүгін қайыз балығы көрінді. Міне қазір қайыз
балығы мынанда 3-4 келіге жетті, әдейі түсіріп алып келдім. Ал енді ауланған
кезде 10 грамдық 10 сантимертлік болатын. 3-4 жылда қайыз балығын
аталық-аңалыққа жеткіземіз.
Шарипа Сақтапова, тілші:
Басқосуда балықшылар саланың бүгінгі тіршілігі мен жетістіктерін,
күрделенген мәселелерің көтеріп қана коймай, өз-ара қызықты сайыстарға түсті.
Ғалымжан Жүсіпов, балықшы:
Қазір балықтың түрі көп: көксерке, ақ балық, сазан, жайын, толстолоб,
торта, шабақ - бәрі бар. Күнкөрісіміз осы балық. Ата-бабамыздан қалған осы балық.
Тарихтан бізге белгілісі, балықшылар слеты соңғы рет бұл өңірде 1965 жылы
өтіпті. Оған Кеңеске мүше мемлекеттерден Аралға балықшылар келген. Содан кейін
алғаш рет бас қосқан балықшылар шараны дәстүрге айналдыруды өздеріне мақсат
етті. Сондай-ақ аймақта «Балық шаруашылығын дамытудың 2015-2017 жылдарға арналған
«Жол картасы» қабылданды.
Шарипа САҚТАПОВА