Батыс
Қазақстан облысында жылдар бойы игерілмеген 450 мың гектардай жер мемлекетке
қайтарылды. Бұл - осы өңірде пайдаланылмай бос жатқан алқаптардың 66 пайызын
құрайды. Бұл туралы Батыс Қазақстан облыстық жер қатынастары
басқармасының басшысы Әлия Мұхамбетжанова мәлімдеді.
Оның дерегінше, ауыл
шаруашылығы алқаптарын ревизиялап, түгендеуден өткізу кезінде 677 мың гектар
жердің жылдар бойы пайдаланылмай, бос жатқаны анықталған. Енді осы жер иелеріне
өз міндетін орындамағаны үшін айыппұл салынуы мүмкін. Тексеруден кейін жалға
алушылар жерді мемлекетке өз еркімен тапсыруға кіріскен.
Әлия
Мұханбетжанова, БҚО жер қатынастары басқармасының басшысы:
Қазір жер иелеріне түсіндіру жұмыстары
жүргізілуде. Кейбір алқаптардың иесі қайтыс болып кеткені де
анықталып жатыр. Ал балалары әкесінің ісін жалғастыра алмайтынын айтып, жерді
мемлекетке кері қайтаруда. Кейбір жер иелеріне ескерту жасалып, бір жылға дейін
мұрсат беріледі.
Еркін КАРИН